Мәдениет • 02 Сәуір, 2023

Астанада заманауи өнер кеші өтті

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы, «Жастар» сарайында täuel[dı]sız жобасының HÏKAYA заманауи өнер кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада заманауи өнер кеші өтті

täuel[dı]sız – əн мен əуендi, би мен өнердi поэзиямен ұштастырған арт-жоба.

Кеште адамзат пен жасанды зият байланысы, саяси ахуал, табиғат пен діл мәселесі және әлем назарын аулаған сұм соғыс медиасауат тұрғысынан сахналанады. Заманауи қазақ поэзиясының өкілдері – Әсел Кәрібай, Тұрсынбек Башар, Жұлдыз Молдағали, Файзолла Төлтай, Мақпал Жұмабай, Ислам Қабыл, Әсем Құлманова, Бауыржан Майтай сынды ақындардың өлеңдері оқылды.

«täuel[dı]sız жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мақсаты – қоғамдағы түрлі әлеуметтік, өзекті мәселелерді өнер арқылы кең көпшілікке жеткізу. Сондай-ақ заманауи поэзия өкілдері — жас авторлар мен олардың шығармашылығын таныту», дейді жоба авторлары.

Жоба - 2021 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының және Халықаралық ARTIF Awards байқауының жеңімпазы.

«Бұл жоба өнерді құрметтейтін, тәуелсіз жандарды жинаған орта. Біз бұл кешке екі ай дайындалдық. Еңбегіміз ақталып, кеш көрерменнің көңілінен шықты деген сенімдеміз», деді жоба ұйымдастырушылары.