02 Шілде, 2014

"Астананың үздік тауары" байқауының көрмесі өтті

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_4536 Астанада Конгресс холл сарайында «Астананың үздік тауары- 2014» аймақтық байқау-көрмесі өтті. Шағын және орта бизнес өкілдері өндіретін тауарлары мен азық-түлік түрлерін көрсетіп қана қоймай, жылдың үздік тауары атағын иелену үшін сайысқа түсті. IMG_4587 Қазіргі таңда шағын және орта бизнес Астана экономикасының маңызды салаларының бірі. Кәсіпкерлік саласының дамуына жаңа техникаларды қолдану, заманауи технологиялар мен жаңашыл тәсілдерді енгізу Қазақстанның әлем және ТМД елдері арасындағы экономикалық дамыған көшбасшылар қатарына ену ауқымына шығуға ықпал етпек. IMG_4596 Байқау-көрмеге түрлі салаларда қызмет атқаратын Астана қаласының кәсіпкер-өндірушілері қатысып, «Үздік өндірістік тауар», «Тұрғындарға арналған үздік тауар», «Үздік азық-түліктік тауар» аталымдары бойынша үздіктер сарапталды. IMG_4600 Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен Үздік кәсіпкерлер бағалы сыйлықтармен, кубок және дипломдармен марапатталып, соңы концертке ұласты. IMG_4546