Қоғам • 03 Сәуір, 2023

Түркістан облысында мас полицейлерді тұрғындар әшкереледі

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Қарабұлақ ауылының тұрғындары қызметтік формадағы мас полицейлерді ұстады. Видео авторының айтуынша, полицей көлікті мас күйінде жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында мас полицейлерді тұрғындар әшкереледі

Оқиға 30 наурыз күні Астана уақытымен сағат 23:22 шамасында болған.

«Мына полиция қызметкері қашып, өзінің ішіп алған мас қызметкерін сонша дүйім халықтан жасырып жүр. Қазір біз оларды ұстап отырмыз. Бұлардың да аузынан иіс шығып тұр. Қазір наркодиспансерге апарамыз. Қарабұлақ елді мекенінің Ақмырзаев Асылбек деген басшы қызметкерін шақырдық. Ол да кешігіп келе алмай жатыр», дейді видео авторы.

Оның сөзінше, көлікте үш полиция қызметкері болған, бәрі мас. Кадрлардан полицияға жергілікті тұрғындардың көптеп қысым жасағаны байқалады. Видеода олардың қашып кетпек болғаны айтылған.

Түркістан облысының полиция департаменті аталған факті бойынша департамент басшысының тапсырмасымен қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бүгін істі тәртіптік комиссия қарайды.