Әлем • 03 Сәуір, 2023

Түркияның оңтүстігінде 4,3 балдық жер сілкінісі болды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның оңтүстігінде 4,3 балдық жер сілкінісі болды

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 06:45-те Саймбейлі ауданында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 7 км тереңдікте жатыр.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 баллдан асатын екі жер сілкінісі болған.

Жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.

Жер дүмпулері көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Корея, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.