Тағайындау • 03 Сәуір, 2023

Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы тағайындалды

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы тағайындалды

Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.

2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған. 

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары.

2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы болып тағайындалды.