Әлем • 03 Сәуір, 2023

Таиландта туристерге теңізге тек тізеге дейін түсуге рұқсат етілді

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан танымал туристік Ко-Пхи-Пхи-Ле аралындағы Майя шығанағында акулалар көбейді. Енді туристер суға тек тізесіне дейін түсе алады, деп хабарлайды Egemen.kz  Турпром сайтына сілтеме жасап. 

Таиландта туристерге теңізге тек тізеге дейін түсуге рұқсат етілді

2018 жылы жергілікті билік туристер санының артуы экожүйеге, қоршаған ортаға зиян тигізетініне алаңдап, аралдың халық үшін уақытша жабылатынын хабарлаған еді. Бастапқыда шектеу тек төрт айға ғана енгізілген, алайда пандемия мен басқа да оқиғалардың салдарынан шектеу төрт жылға созылды. Осы уақыт ішінде арал маңындағы акула популяциясы толық қалпына келіп үлгерген. 2022 жылы билік аралға шектелген туризмге рұқсат беріп, акулалар санын бақылауды жалғастырды.

Бірақ туристердің қайта оралуымен популяция санының азайып кеткені анықталады. Табиғат қорғаушылары шектеулерді күшейтуді талап еткенімен, билік бұған асығар емес. Пандемияға дейін туризм саласы елдегі ІЖӨ-нің 12 пайызын құрады, ал Пхи-Пхи аралындағы ұлттық саябақтың кірісі туризмге тыйым салынғаннан бері екі есе азайған.

«Шектеулердің арқасында біз туризм мен қоршаған ортаның үйлесімді жолын таба аламыз деп үміттенеміз», деді теңіз зерттеушісі Метави Чуангчароенди.

Қазіргі уақытта аралға баратын туристер арнайы ережелер тізбегін сақтауы тиіс. Мәселен, туристік қайықтар аралдың келесі бетінде арқандаулы тұрса, келушілер жағажайға жаяу баруы керек. Жағажайларда сағатына рұқсат етілген келушілер саны 375-ке дейін шектелген. Сондай-ақ суға тек тізе тереңдігіне дейін түсуге рұқсат етіледі.