Қоғам • 03 Сәуір, 2023

Бердібек Сапарбаев оқытушылық қызметке кіріскенін айтты

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зейнетке шыққан мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқитыны туралы Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бердібек Сапарбаев оқытушылық қызметке кіріскенін айтты

Кезінде министр, бірнеше облысқа әкім болған саясаткер желідегі жазбасында білім беру саласына кездейсоқ келмегенін айтады.

«Сонау 2018 жылдың сәуір айында «Jas Qazaq» ақпараттық агенттігінің беттерінде менің «демалысқа шыққанда жастарға сабақ берсем деймін» деген ойым жарық көрген екен. Сол ойымды 53 жылдық жұмыс өтілімді аяқтаған соң, Мемлекет басшысы жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының білім алушыларына арналған дәрістерімнің аясында жүзеге асыру туралы шешім қабылдадым», деп жазды экс-әкім.

Бұл ретте Бердібек Сапарбаев жазбаға байланысты сұрақ қойған желі қолданушыларына жауап берген. Экс-әкімнің сөзінше, ол академия магистранттарына, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, халықпен қарым-қатынас бойынша дәріс береді. Сондай-ақ оның жалақы мөлшеріне қатысты сұрақ қойылды. Оған берген жауабында экс-шенеунік «зейнетақым бар, жеткілікті», деп жауап берген. 

а