Тағайындау • 03 Сәуір, 2023

Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтай Көлгінов Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарды. 

2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда қызмет етті.

2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 

2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.        

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 

2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.        

2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі.

2022 жылғы 9 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.