03 Маусым, 2010

РЕЙДЕРЛІККЕ ЖОЛ БЕРМЕУ МАҚСАТЫНДА

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жуырда Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен ұлттық қауіпсіздік стратегиясының мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы болды. Рейдерлікке қарсы әрекет мәселелері жөнінде Бас Прокурор Қ.Мәми және Жоғарғы Соттың Төрағасы М.Әлімбеков баяндамалар жасады. Отырысқа қатысушылар рейдерлікке қарсы арнаулы заң әзірлеудің орындылығы, рейдерлікке қарсы тұру жөнінде нақты шаралардың қажеттілігі туралы пікір алмасты. Экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Әшімов хабарлама жасады. М.Тәжин табиғат қорғау саласындағы барлық мәселеге қатысты жаңа экологиялық-экономикалық көзқарас әзірлеу қажеттігін атап өтті. Талқылау қорытындылары бойынша тиісті мемлекеттік органдарға рейдерлікке қарсы тұру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті жетілдіру тұрғысында ықпалды құқықтық тетік құру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Отырыста берілген тапсырмаларды орындауды бақылау Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына жүктелді.