2022 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 58,5 пайызға жоғары (1,2 млрд доллар). Ал 2010 жылғы көрсеткіштен 13 пайызға төмен (2,1 млрд доллар). Аталған мерзімде біздің елдің сауда айналымындағы Ұлыбритания үлесі 2,3-тен 1,4 пайызға азайып кеткен.
Былтыр Қазақстаннан Ұлыбританияға экспорт 2021 жылмен салыстырғанда 70,9 пайызға өсіп, 1,5 млрд долларды құраған. Ұлыбританияға экспорттық өсім негізінен шикі мұнай (643,1 млн доллар), мыс және мыс катодтары (45,3 млн доллар), өңделмеген алюминий (43,9 млн доллар) сияқты басты тауарлар есебінен жүзеге асып отыр.
Ұлыбританиядан Қазақстанға импорт 2022 жылы қаңтар-желтоқсанда 24,3 пайызға өсіп, 384,0 млн долларға жетті. Біз корольдіктен негізінен жеңіл автомобиль (44,6 млн доллар), круиздік кемелер, паромдар және жолаушыларды тасымалдауға арналған басқа да құралдар (24,4 млн доллар), ұшу аппараттары үшін старттық құрылғылар, палубалық тежеу немесе ұқсас құрылғылар, жерүсті ұшу тренажерлары (8,3 млн доллар), жол және құрылыс техникаларын (5,5 млн доллар), спиртті берік ішімдіктер (5,9 млн доллар) тасымалдаппыз.
Ал британиялық инвесторлар еліміздегі өңдеуші өнеркәсіпте, қаржы секторында, транспорт секторында, сауда, ғылыми-техникалық салаларда көбірек жұмыс істейді. 2005 жылдан 2022 жылдың 3-тоқсанына дейінгі аралықта Ұлыбританиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 16,4 млрд долларды құрады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасындағы негізгі инвесторлар арасында Ұлыбритания алтыншы орында тұр.