Пікір • 03 Сәуір, 2023

Сайлаудың ерекшелігі

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Президент жаңа­дан сайланған депутаттарды құттық­таудан бас­тап, 2022 жылғы өткен Конс­ти­туциялық реформалар талабына сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауларының сәтті өт­кен­дігі туралы пікірін біл­дірді.

Сайлаудың ерекшелігі

Партиялармен қатар азамат­тардың да бірмандатты округтен өзін-өзі ұсыну мүмкін­дігіне ие болуы, партиялар мен үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілуі, облыс әкімдері партия бөлімшелеріне жетекшілік етпейтіндігі, жоғары лауазымды қызметкерлердің партия тізімінде болмауы – міне, бұл жолғы сайлаудың өзгешелігі осындай ерекшелігінде жатыр. Әрбір партияның ұстанымы, идеологиясы тұрғысынан ерекше­ленетіндіктен, Мәжіліске түрлі саяси көзқарастағы өкіл­дер келіп толықтырылды. Сайлаудағы пар­тиялардың белсенді қызметінің көрінісі партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың оңтайландырылып өзгеруі де әсерін тигізді.

Сонымен қатар сайлаудың нәтижелері мемлекетте шынайы көппартиялық жүйенің қалыптасуына деген нақты мүмкіндіктердің бар екендігін көрсетті. Бұл үдерістің өзі мемлекетте азаматтық қоғам мен саяси мәдениет­тің дамуында үлкен рөл ойнайтыны сөзсіз.

 

Мейрамкүл ИСАЕВА,

Саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері