Қоғам • 04 Сәуір, 2023

Қызылордалық азамат 100 келіден астам ақбөкен мүйізін сатпақ болған

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күдікті мүйіздерді аса ірі көлемде сату кезінде ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық азамат 100 келіден астам ақбөкен мүйізін сатпақ болған

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Қызылорда облысының тұрғынын ақбөкеннің мүйізін сатпақ болған жерінен ұстаған.

«Ақбөкен дериватын ірі көлемде сату кезінде Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны ұсталды. Барлығы 100 келіден астам ақбөкен мүйізі алынды», делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ұсталған адам қамауға алынды.

«Жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен немесе олардың дериваттарымен аса ірі залал келтіретіндей заңсыз айналысу» бабы бойынша (ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігі) тергеу басталды.

24 наурызда ҰҚК қызметкерлері «Охотзоопром» кәсіпорнының қызметкерлерімен бірлесіп, Орал тұрғынынан бес қап дериватив тәркіледі. Ер адам барлығы 642 ақбөкен мүйізін сатпақ болған.