Саясат • 04 Сәуір, 2023

Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды

384 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды

Әлібек Сәкенұлы Қуантыров 1983 жылы 14 қарашада Гурьев (Атырау) қаласында туған.

2005 - 2006 жылдары Томск мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» және «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

2008 - 2010 жылдары Мичиган университетін «Қолданбалы экономика магистрі» дәрежесімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқыған.

1.0. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2005 ж. қыркүйек айынан бастап 2006 ж. ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті, Халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы ретінде қызмет атқарған.

2007 жылы Жапонияның Қаржы министрлігінде экономикалық саясат бойынша екі айлық тағылымдамадан өткен.

2006 ж. ақпан айынан бастап 2010 ж. қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі аталған департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істеген.

2010 ж. қараша айында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық әзірлемелер басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2010 ж. қараша  - 2013 ж. ақпан айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті, Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс атқарған.

2013 ж. ақпан-маусым айлары аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2013 ж. маусым - 2019 ж. сәуір айлары аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде жұмыс атқарған.

2019 ж. сәуір айынан бастап 2021 ж. ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметінде жұмыс істеген.

2021 ж. ақпан айынан бастап 2022 ж. қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі лауазымында жұмыс атқарған.

2022 ж. 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.