Тағайындау • 04 Сәуір, 2023

Энергетика министрі тағайындалды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика министрі тағайындалды

1997 жылдан бастап – «ҚазТрансОйл» МТҰК АҚ менеджері, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы.

1998 жылдан бастап – «ҚазТрансОйл» МТҰК АҚ басқарушы директоры, экономика бойынша вице-президенті.

2001 жылғы қаңтардан бастап – «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясында қаржы директоры, экономика бойынша вице-президенті.

2003 жылғы қарашадан бастап– «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының бірінші вице-президенті.

2006 жылдан бастап – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының электр энергетикасы активтерін басқару жөніндегі директоры.

2007 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі.

2007-2011 жж. «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті, Басқарма Төрағасы-Президент.

2011-2012 жж. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры,

2012-2018 жж. «Самұрық Энерго» АҚ Басқарма төрағасы.

2021 жылдың нарыз айынан бастап "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы