Мәселе • 04 Сәуір, 2023

Бестөбенің бағы мен соры

348 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Степногор қаласының іргесіндегі Бестөбе кентінің басынан дау-дамай арылмағалы әлденеше жыл. Шешімін таппаған, күрмеуі қиын мәселелер жалпақ жұртты да, жергілікті билікті де қалжыратып болды.

Бестөбенің бағы мен соры

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Бұл елді мекенде 6,5 мыңға жуық ха­лық­ тұрады. Жергілікті жұрттың басым бө­лігі алтын өндіретін кеніште еңбек еткен.­ Негізгі күнкөріс көзі де осы болды.­ Соңғы жарты жылдан аса шах­та жұмысы тоқтап, жерасты суына то­лып,­ кен өндіру мүмкін болмай қалды. Сол­ себепті 1200 адам жұмыссыз қалуға мәж­бүр. Дәл осы кезде әрқилы жорамал айту­шылар көбейді. Жөн-жосықсыз жо­ра­малдың көпшілігі ел ішіндегі елең­деу­ді көбейтіп, отқа май құя бастады. Жер­гі­лікті билік мәселені түбегейлі шеше ал­май отыр.

Кенішті суға толтыруға жергілікті тұр­ғындардың 2021 жылдың жазында қой­ған талаптары себеп болған сыңайлы. Ха­лық сол кезде кеніштің ондаған жыл­ жұмысы кезінде пайда болған қал­дық­тарды қайта өңдеуге бағытталған жаңа фабрика мен кеніш суларын құ­йып­ отырған қалдық қоймасының жа­былуын талап еткен еді. Мұндай та­лапты орындаудың азды-көпті салда­ры­ болды. 2021 жылдың маусым айын­да­ Бестөбе кен байыту фабрикасы жұ­мысын тоқтатты. Ізінше бұрын фаб­риканың өңдеу жұмыстарында қол­да­нылған кеніш суын төгетін жер бол­ма­ған­дықтан, жерасты кеніші суға толды. Ол ­суды Экология кодексінің талаптары бо­йынша жерге төгуге болмайтын еді.

«Алтыналмас АК» АҚ компаниясы­ Бес­төбе өндірістік алаңқайын жаң­ғыр­тып,­ қол еңбекті талап еткен қауіпті әдіс­тен бірден ауқымды өнім алуға мүмкіндік бе­ре­тін механикаландырылған әдіске өту­ді ұсынған болатын. Бұл әдіс кеніш­тің өмірін біраз жылға ұзартып, өндірісті өріс­тетіп, халықты жұмыспен қамтып, қо­мақты салық төлеп отыруға мүмкіндік бе­рер еді. Компания өкілдері осы жос­па­рын жергілікті халыққа жеткізген кез­де көпшілік қарсы болды. Компания басшыларының айтуынша, дәстүрлі жұ­мыс­ аса қауіпті болғандықтан, өндіріске жара­мсыз, көнерген әдіс.

Дегенмен, мекеме жұрттың жайын­ тү­сі­ніп, әлі жалақы төлеп отыр. Ком­па­ния берген деректерге сүйенсек, 2021 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қаң­та­ры аралығында осы мақсатта ай сайын 400 миллион ақша төленіпті. Үстіміздегі жыл­дың қаңтар айынан бастап 1,8 сала­лық коэффициентіне көбейтілген ең­ төменгі жалақыға дейін біртіндеп тө­мен­деу басталды.

Компания басқа нысандардан жұмыс ұсынып отыр, «Қазақмыс» сияқты тау-кен мекемелерімен де жұмысқа орналас­тыру мәселесін келісуде. 2022 жылдың сәуірінен бері 22 жұмыс жәрмеңкесін өткізді. Бірақ бестөбеліктер оған ұмтылып отырған жоқ. Мәселен өткен жылдың желтоқсан айынан бері мың жарымнан астам жұмыс орны ұсынылғанымен, орналасқаны елу-ақ адам.

Мәселенің ушыққаны соншалық, облыстық әкімдікте де бейнетке батқан Бестөбенің жайы жиынның күн тәртібіне шығарылды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Степногорск қаласының құқық қорғау органдары, сондай-ақ «Алтыналмас» компаниясының өкілдері де қатысты. Осы кездесу барысында қалыптасып отырған мәселенің өте өткір күйде екенін аңғаруға болар еді. Бестөбе кентінде де тұрғындармен әлденеше мәрте кездесу өткізілді.

Облыстық әкімшілік тарапынан Бес­төбе­ кентінің әлеуметтік-тұрмыстық жағ­дайына көңіл бөлінуде. Алдыңғы жылы 500 миллион теңге қаражат бөлін­се,­ өткен жылы 1,5 миллиард теңге ба­ғыт­талды. Бұл қаржыға жергілікті мек­теп құрылысы жүргізіліп, кент ішін­де­гі жолдар жаңғыртылып, балалар спорт­ алаңын салу көзделген. Негізінде Бес­төбе кентінің тағдыры компанияның жұмы­сымен тығыз байланысты.

Кеніштің тоқтап тұрғанына қара­мас­тан, ауылдың әлеуметтік-эконо­ми­ка­­лық дамуына да қомақты қаражат ба­ғыт­тап­ отыр. Мысалы, 2021 жылы әлеу­меттік кө­мек­ке жұмсалған қаржы – 70 миллион тең­ге көлемінде болса,­ 2022 жылы – 77 мил­лион теңге. Бұл қар­жыға робототехни­ка сыныбы жаб­дық­талды, гүлбағы жағдайы абаттанды­рылды, елді мекенге кіреберіс жол жа­рықтандырылды, спорт алаңдары қал­пы­на келтірілді, Бестөбенің тазалығын сақ­тау мақсатында жаңа техника алынды­ және басқа да игілікті шаралар іске асырыл­ды.

Енді компания жұмысының тоқ­та­уы қайда алып келеді деген негізгі са­уал­ға жауап беріп көрелік. Алдымен жұ­­мыссыздықтың пайда болуына тіке­лей­ әсер етеді. Кент тұрғындарының жо­ға­рыда айтқанымыздай, дені кенiште жұ­­мыс істеп, күн көріп отырғандықтан, әлеу­меттік-тұрмыстық жағдай бірден ши­рығып шыға келетіндігі анық. Жер­асты суы болмағандықтан, бұл елді­ мекенде мал сүмесімен күн көру мүм­кін­ емес. Төрт түлік малдың тісіне тие­тін көкорай шалғын жоқ. Ауыз су­ды тасымалдап ішетін адамдар үй жа­нында бау-бақша да еге алмайды. Қа­зір­дің өзінде азық-түлік өте қымбат. Жұ­мыссыздық пайда болғаннан кейін қыл­мыстың да күрт көбейетіні белгілі. Ал­тын бар жерде адал жолдан таюдың көрі­ністері бұрыннан бар. Компания өкіл­дерінің дерегіне сүйенсек, заңсыз ал­тын іздеушілер еліміздің барлық ай­ма­ғынан дүмеп келеді екен. Жергілікті по­лиция қызметкерлерімен бірлесе отырып,­ компания өкілдері соңғы он жылда құра­мын­да алтыны бар кенді өңдейтін 500 цех­тың жұмысын тоқтатқан. Заңсыз ал­тын іздеушілер ескі шахтаға кіретін 1500 үңгір жабылып, бекітілген. Ел ішін­де осы шахтаға заңсыз түсемін деп­ ажал құшқандар көп. Иесіз жерге­ балға ұмтылған арадай ынтығып тұра­тын­дар жергілікті жұрттың тілінде «тү­т­ікше» деп аталатын үңгірлер арқы­лы­ түседі екен. Облыстық полиция де­пар­таменті 2020-2021 жылдары үш бір­дей ұйымдасқан қылмыстық топты құ­рық­та­ған. Әлгі топтардың құрамында сексен­нен астам адам болған. Тергеу бары­сында 17 қылмыстық іс қозғалған. Бес­төбе жанындағы Степногорск, Завод­ской, Бөгенбай, Қырыққұдық, Жолым­бет тәрізді ауылдардан 17 цех табыл­ған. Заңсыз айналымнан 35 тонна құра­мын­да алтыны бар кен, 2 келі алтын, 12 ұса­ту қондырғылары, 9 жуғыш аппарат та­был­ған.­ Сондай-ақ 39 мың АҚШ доллары, 1,5 мың евро, 8,8 миллион теңге, 135 мың Ре­сей рублі тәркіленген. 15 автокөлік айып­ тұрағына қойылған.

Жыл басынан жұмыссыз тұрған жер­­­асты кенішінде 4 адам көз жұмды. Олар­­ заңсыз кен өндірушілер еді. Ком­­панияның ұзын-ырғасы елу шақы­рым­­дық шахтаға апаратын жолдарды бе­кі­тіп тастағанына қарамастан, заңсыз ал­­тын іздеушілердің өздеріне ғана мәлім соқ­­пақтары бар. Қазір қылмыстың алдын­ алу­ үшін көтергіш лифтіге құлып салын­ған.­

– 2022 жылдың қазан айында көтер­гіш­тің бәрін тоқтаттық, – дейді Бестөбе ке­нішінің директоры Қанат Аманов. Жер­ астындағы жарық өшірілді. Біз арқы­лы шахтаға өту, тіпті де мүмкін емес.­ Жабылған шахталарда желдеткіш бол­мағандықтан, төменге түсу өте қауіпті.

Қауіптің қаншалықты көп екендігін біл­се де иесіз шахталарға түсу оқиғалары си­ремей тұр. Жергілікті жұрт адамдарды­ жер астына қуып тыққан жоқшылық дей­ді. Бұл сөздің де жаны бар тәрізді. Тұра­қ­ты еңбекақысы болса, әлеуметтік-тұр­мыстық жағдайы көп-көрім түзелсе, жан­дарын шүберекке түйіп, жер астына­ түсер ме­ еді?! Алайда жергілікті адамдарға мың­ жарымнан астам жұмыс орны ұсы­ныл­ды. Сонда халық басқа жұмысқа тұру­ға қарсылығын немен ақтап отыр? Кей­біреулер вахтамен жасауға қарсы. Айта­ кететін жай, Қазақстанның мұнай, тау-кен саласында да көп адам вахтамен еңбек­ етіп жатыр ғой. Кеніштің тағдыры ше­шіліп жатқан арада қиналмай, басқа жер­де неге жұмысын жасай бермеске?

Степногор қалалық полиция бөлі­мі­­нің бастығы Бахтияр Утекиннің ай­туы­­на қарағанда, өткен жылы заңсыз жол­­­мен шахтаға түскен 1060 адам ұста­лып­­ты. Компания жер астына түсу қа­уіп­­ті екенін сан мәрте ескертіп, жазбаша­ түр­­де мәлімдеп жатқанымен, заңсыз жол­­мен баюға үміттенетіндер қатары сел­­діремей тұр. Бәлкім, ел ішінде әлдекім ат басындай алтын тауып алып, аяқ ас­ты­нан байып­ кетіпті дейтұғын дерек-дә­йегі жоқ жел сөздің де әсер етіп, қол­тық­та­ры­на су бүркіп жатуы мүмкін.

Соңғы күндері жағдай тіпті күрделене тү­с­ті. Компания 1200 жұмысшының қыс­қаратыны туралы ескерткен. Қазір бес­төбеліктер бұрынғы инвестордың ке­туін, суға толтырған шахтаның іске қо­сылуын, кенді жер астынан қазып алу­ әдісімен өндіруді талап етуде. Олар жаңа инвестор келген кезде жұмыссыз қалу­лары мүмкін екендіктерін айтып, да­был қағуда. Бестөбеге «Сей Нар» компа­ния­сы қызығушылық танытуда. Осы ком­паниялар тобына кіретін «Алтын қа­зы­на» серіктестігінің басшысы Ерлан Қа­былденов кен орнында қанша алтын­ қоры барын анықтап білгеннен кейін ғана мәселе шешіледі дейді. Оған дейін бұрынғы компанияда аудиторлық тексеріс өткізілмек. Жаңа инвесторлар 1200 адамды бірден жұмысқа орналастыру үлкен жауапкершілік екендігін айтып отыр. Егер Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа инвесторға қолданыстағы заң аясында көмектессе, күрмеулі түйіннің жуық арада шешіліп қалуы да ықтимал. Ынта білдіруші ком­па­нияның айтуынша, қажетті техниканы­ алдыру қиынға түседі. Өз жұмысын бас­тағанша жылға жуық уақыт өтуі де мүм­кін. Қайта рәсімдеуге кететін уақыт та­ғы­ белгісіз. 

Жергілікті билік салмағы зілбатпан осы­ мәселені бастан жақты айырғандай етіп­ шешімін табулары керек-ақ. Сонда ғана­ ел ішіндегі елеңдеу тыйылып, жай­ма­шуақ күйге түседі.

 

Ақмола облысы,

Бестөбе кенті