Қоғам • 05 Сәуір, 2023

Өскеменде өртеніп жатқан үйден 15 адам эвакуацияланды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменнің құтқарушылары көпқабатты үйдегі өрттен 15 тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде өртеніп жатқан үйден 15 адам эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 сәуірде Сәтбаев даңғылы бойындағы 10 қабатты тұрғын үйден өрт шыққан.

«Бірінші қабаттағы пәтер мен балкон өртенді. Сол өрт салдарынан жоғары қабатта орналасқан балконның сыртқы жабындары зардап шекті. Қауіпсіздік мақсатында 15 тұрғын кіреберістен баспалдақ арқылы эвакуацияланды»,  деп хабарлады құтқарушылар.

Өрт сөндірушілердің келісілген іс-әрекеті жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрайтын өртті ауыздықтады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.