03 Шілде, 2014

Алматыда жаңа аудан ашылды ол Наурызбай батыр атын алды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала аумағында жаңа әкімшілік-территориялық аудан құру туралы шешім қабылданды. Қала әкімі Ахметжан Есімов бұл шешім қала аумағы тағы да 23 200 гектарға кеңей­тілгеннен кейін қабылданған қажет­тілік екендігін айта келіп, сонымен қатар, қала халқының саны көбейіп, 1 миллион 665 мың адамға жеткенін, сол себепті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы аумағында жаңа аудан құру туралы ұсыныс жолданып және ол ұсыныстың қабылданғанын жеткізді. Наурызбай ауданы деп аталатын жаңа ауданның жер көлемі 6 976 гектар болса, халық саны әзірге 157 мың адам. Қалалық мәслихаттың шешімімен бұрын қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы болған Қуаныш Қашқынбаев әкім болып сайланды. Сондай-ақ, қала бюджетінен жаңа ауданның құрылыс жұмыстары мен жолдарын жөнге келтіру үшін 3,3 миллиард теңге бөлінді. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.