Футбол • 05 Сәуір, 2023

Жас футболшылардың «Арманы»

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда 2005 жылы туған жас футболшылар арасында «Арман» респуб­ликалық балалар мен жасөспірімдер турнирі аяқталды.

Жас футболшылардың «Арманы»

Алтын медаль үшін өткен кездесуде «Ақтөбе» мен «Ордабасы» жастар командалары кездесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталған соң, матч жеңімпазы пенальти сериясында анықталды. Бұл сында шымкенттік жастардың бағы жанған болатын, алайда турнирдің төрешілік-сарапшылық комиссиясы пенальти сериясы барысында төрешілер тарапынан қателік болғанын айтып, екі команданы жеңімпаз деп тапты.

Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясы «Арман» турнирінің екі финалисін де жеңімпаз деп тану туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, «Ордабасымен» бірге «Ақтөбе» командасының футболшылары да кубок, алтын медаль және дипломдармен марапатталды.