03 Шілде, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №651

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2014 жылғы 13 маусым, Астана, Үкімет Үйі Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі 307-бабының 4-тармағына және «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің тізбесі Р/с № Кен орнының атауы Келісім-шарттың нөмірі және күні Пайдалы қазбалар-дың атауы Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың мөлшерлемесі Жер қойнауын пайдаланушы Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерінің қолданылу кезеңі 1 2 3 4 5 6 7 1. Жезқазған- Жыланды 1997 жылғы 21 мамырдағы № 114 мыс 1,3% «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін күміс 1,6% қорғасын 2,63% 2. Қоңырат 1998 жылғы 18 қыркүйек-тегі №243 мыс 1,5% «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап2015 жылғы 1 қаңтарға дейін күміс 1,6%