Қоғам • 06 Сәуір, 2023

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс сотқа жіберіледі

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс сотқа жіберіледі

Адвокаттарды соққыға жықты деп айып тағылған Нұрасыл Болатқа қатысты іс сотқа жіберіледі.

Еске сала кетейік, ол ерлі-зайыптыларды соққыға жыққан еді. Оқиға Алматыда болған. 

«Жедел тергеу амалдары бойынша күдікті ретінде Болат Н.Д. кінәсі толықтай дәлелденді. ҚК 107-бабы, 2-тармағымен жүргізілген тергеу аяқталды. Қазіргі кезде іспен танысу жүріп жатыр. Бәрі біткеннен кейін Алматы әскери сотына жібереміз. Қазір Болат Н.Д. әскери бөлім бақылауында», деді ІІМ Оңтүстік-өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысы Мұхит Жауғашев.