Экономика • 06 Сәуір, 2023

Қазақстан әлемдік ірі мұнай компанияларын сотқа берді

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан тендер шарттарын бұзған және жұмысты толық көлемде аяқтамаған әлемдік ірі мұнай компанияларына қарсы сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан әлемдік ірі мұнай компанияларын сотқа берді

Shell Plc жобасының серіктестері, Exxon Mobil Corp, Eni SpA және TotalEnergies  рұқсат етілмеген 13 миллиард доллар шығын үшін айыпталуда.

Сондай-ақ оларға экологиялық нормаларды бұзғаны үшін 5,1 миллиард доллар айыппұл салынуы мүмкін. 

Қазақстан Үкіметі енді Ұлттық экономика үшін, мұнай компаниялары пайдаланатын тендерлік жүйені өзгертуге ниетті.