Экономика • 06 Сәуір, 2023

Елімізде коммуналдық қызметтердің тарифі өседі

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифі  өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде коммуналдық қызметтердің тарифі өседі

Бұл туралы Энергетика министрі айтты.

Алмасадам Сәтқалиев мәлім еткендей, жылу энергиясына ең төменгі тарифтер 25 пайызға артады. Ал алдағы 3-4 жыл ішінде электр энергиясының құны 15 пайызға дейін өседі. 

Министрдің айтуынша,  бүгінде ЖЭО-лардың жұмыс істеуге қауқары жетпейді. Тарифтің өсуі де осыған байланысты болып отыр.

Қазір еліміздегі 37 жылу энер­ге­тикалық орталығының 19-ы аса қиын жағдайда тұр. 19 станция жай-күйі тұрғысынан қызыл аймақта болса, 11-і сары, 7-еуі жасыл аймақта тұр.