Оқиға • 06 Сәуір, 2023

Жүк көлігіне мінген мектеп оқушысы әкесін қағып кетті

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 сәуірде Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жүк көлігін тізгіндеген жасөспірім әкесін қағып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүк көлігіне мінген мектеп оқушысы әкесін қағып кетті

Полицейлер нақтылағандай, жергілікті тұрғын өз үйінің ауласында «Газ-САЗ-35071» автокөлігін жөндеп жатқан.

Ер адам жүк көлігінің астына кіріп, 2009 жылы туған ұлына рөлге отырып, тежегіш педалін басуды сұраған.

«Осы кезде редукторы қосылған көлік алға шығып, ер адамды басып кетті. Баланың әкесі аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды», делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің  345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді.