Қоғам • 06 Сәуір, 2023

Алматыда жалған банкнот сатқандар ұсталды

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ адамның қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жалған банкнот сатқандар ұсталды

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бір күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталуда.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.