Өнер • 06 Сәуір, 2023

Былғарыға өрнектелген бейне

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Сәбит Мұқановтың музейін­де келушілердің назарын аударып, қы­зығушылықтарын оятатын құнды ж­әдігерлер баршылық. Соның бірі жатын бөлмедегі қабырғада ілулі тұрған портрет, бір қарағанда жай ғана қағазға салған сурет секілді көрін­генімен, шын мәнінде жақындап, анық­тап қарасаңыз, түрлі-түсті былғары бөлік­терінен құралғанын байқауға болады. Құрақ бейне. Былғары құрақтан өрнектелген. Өлшемі – 68х49 см.

Былғарыға өрнектелген бейне

Бұл портретті Солтүстік Қазақ­стандағы таны­мал мү­сін­шілердің бірі, Қазақстан Сурет­шілер одағының мүшесі Виктор Крест­ников жа­саған. Ол – Қызылжар өңі­рінің елді мекендеріндегі көп­теген монументалды мү­сіндік композициялардың авторы. Негізгі шығармалары: «Ер­­шов ертегілері», «Отан-Ана ес­керткіші» т.б. Сурет­ші­лер­дің отбасында дү­ниеге келген Виктор Крест­ников біраз жетістікке жеткен, ол сәндік-қолданбалы өнермен батикпен, бейнелеу өне­ріндегі кескіндемемен, графикамен айналысқан. В.Е.Крест­ни­ковтың жұмыстары Сол­түстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінің қо­рында сақтаулы. 1970 жылы С.Мұқановқа «Петропавл қа­ла­­сының құрметті азаматы» атағы бе­рі­луіне бай­ланыс­ты осы портретті сый­­­­лық ретінде ұсынған.

Бұл түрлі-түсті былғарыдан өрнектелген жә­дігердің ерекшелігі сонда: Сә­­беңнің келбетін ке­лістіре жасап, Қы­зылжар өңі­рінің әсем таби­ғатымен ас­тастыра бейнелеген. Ақ қайың­дар өл­­ке­сінің азаматы екені аңға­рылып тұр.

 

Наргиза ТАСМАХАМБЕТ,

Алматыдағы C.Мұқанов пен 

Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық

музей кешенінің қор сақтаушысы