Теннис • 06 Сәуір, 2023

Ширек финалға жолдама алды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен АҚШ-тың Хьюстон қа­ла­сында өтіп жатқан «ATP 250» тур­ни­рінің жұптық бәсекесінде өнер көрсетіп жатқан Андрей Голубев пен Александр Недовесов жарыстың ширек финалына шықты.

Ширек финалға жолдама алды

Қазақстан теннисшілері ерлер арасын­дағы бәсекенің алғашқы айналымында Жо­натан Эйссерик (Франция) пен Давид Пел (Нидерланд) жұбымен шеберлік байқас­ты. Екі сағатқа жуық жалғасқан матчта жер­лестеріміз 2:6, 7:6 (7:5), 10:4 есебімен жеңіс­ке жетті. Енді Андрей мен Александр ширек финалда Андре Горансон (Швеция) мен Бен Мак­лахлан (Жапония) жұбымен кездеседі. Сонымен қатар Мексикадағы «Челленджер» турниріне қатысып жатқан Денис Евсеев те келесі айналымға жолдама алды. Ол бас­тапқы бәсекесінде доминикандық Ник Хард­ты екі сетте қапы қалдырды – 7:5, 7:6 (7:1).

АҚШ-тағы «Чарльстон WTA 500» турнирін сәтті бастаған әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева үшінші айналымға шыға алмады. Екінші айналымда әлемнің 17-ракеткасы ресейлік Екатерина Алексан­дровамен шеберлік байқасқан жерлесіміз 6:1, 6:3 есебімен жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024