Әуесқой бокста бірталай табысқа жетіп, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлаған жерлестеріміз кәсіпқой бокста да сәтті өнер көрсетіп келеді. Былтыр екі отандасымыз да екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Ал бұл айқас олардың биылғы бірінші кездесулері болмақ.
«Suleimen Promotions» баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, отандастарымыз 15 сәуір күні АҚШ-тың Помона (Калифорния) қаласында ұйымдастырылатын бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Аталған жекпе-жек кешінде екінші орта салмақта жұдырықтасатын 25 жастағы Ә.Аманқұл мексикалық Даниэль Эчеверриамен (21-11, 18 КО) кездеседі. Айқас сегіз раундқа жоспарланған. Ал екінші орта салмақтағы тағы бір отандасымыз Бек Нұрмағанбет 36 жастағы Венесуэла өкілі Эбер Рондонмен (20-3, 13 КО) қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жек те сегіз раунд деп белгіленіп отыр.