Спорт • 06 Сәуір, 2023

Кавендиштің екінші жүлдесі

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басында «Астана» вело­коман­дасының жейдесін киген Ұлы­бри­танияның әйгілі велошабандозы, көп­теген ірі халықаралық жарыстың же­ңімпазы Марк Кавендиш жаңа клуб­тағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Кавендиштің екінші жүлдесі

Бельгияның Фландрия аймағында өткен 111 жылдық тарихы бар біркүндік «Scheldeprijs» бәсекесінде Марк Кавендиш мәре сызығын үшінші болып кесті. 205,3 шақырымға жалғасқан жарыс жолын «Астана» өкілі 4 сағат 25 минут 38 секунд ішінде жүріп өтті. Ал бас жүлде бельгиялық Джаспер Филиппсенге (ProTeam Alpecin – Deceuninck) бұйырса, екінші орынды аустралиялық Сэм Уэлсфорд (DSM) иленеді.

Марк Кавендиш бұған дейін «Schel­deprijs» жарысында үш мәрте (2007, 2008 және 2011) жеңімпаз атанып, төрт мәрте жүл­дегерлер қатарынан көрінген. Сон­дай-ақ ол осы доданың 2021 жылғы бәсе­ке­сінде де үшінші орынға табан тіреген еді.