Президент • 07 Сәуір, 2023

Президент ДДҰ-ны 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент ДДҰ-ны 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

– Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні. ДДҰ-ның құрылғанына 75 жыл толып отыр. Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі Ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз. Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайды, – деп жазды Мемлекет басшысы Твиттерге.