Қоғам • 07 Сәуір, 2023

Шавқат шойын сынамасын алды

298 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

WMMAA бойынша әлем чемпионы Шавқат Рахмонов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында мейман болды.

Шавқат шойын сынамасын алды

Шавқат Рахмонов UFC аясында жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері. Ол WMMAA бойынша әлем чемпионы және Азия чемпионы ретінде жастарға үлгі болып, аты аңызға айналды. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шавқат Рахмоновты жеке қабылдай отырып, ол сияқты мықты спортшылардың жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі жас ұрпақты қанаттандырып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға жетелейтінін атап өткен болатын.

Шавқат Рахмонов еліміздегі ең ірі металлургия кәсіпорындарының біріне баруды көптен бері армандап жүр екен. Себебі, шойынның қалай соғылатынын көру рингтегі жекпе-жектен кем емес ғажап көрініс. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы чемпионға осы мүмкіндікті ұсынды. Әлбетте, әуелі аталған акционерлік қоғамның Бас директоры Владимир Яблонскиймен кездесу болды. Владимир Иванович мейманға компания, оның еншілес кәсіпорындары және қол жеткізілген жетістіктер жайлы әңгімелеп берді.

Ро

- Біздің компаниямыз тұрақты кәсіпорын. Компанияның өмірлік циклінің кез келген кезеңінде, мейлі ол қалыптасу, өсу немесе тіпті дағдарыс болсын, комбинатта жұмыс істейтіндер әрдайым тұрақтылықты сезінеді. Біздің командамызда өз ісін білетін және жақсы көретін мамандар жұмыс істейді. Шавқат, сіз, спортшы, чемпион ретінде жеңіске қалай жетуге болатынын ешкімнен кем білмейсіз. Тек қиындықтарды жеңе отырып, чемпион, кәсіпқой бола аласыз. Біздің кәсіпорында көптеген спортшы жұмыс істейді. Бір кезде мен де самбомен айналыстым және спорт әркімнің өмірінен орын алуы керек деп санаймын, деді Владимир Яблонский.

Шав
қат Рахмонов Қарағанды өңірін өзінің туған жеріндей көреді. Өйткені спортшы ұзақ уақыт бойы осында тұрып, жаттықты. Ол үшін Қазақстанның ең ірі металлургия комбинатына бару толқынысты да қуанышты болды. 
Рлш

- Қарағанды жері таланттар мен тума дарындарға бай. Әсіресе спортта талай чемпион тәрбиеленді. Нақ осы жерде адам мінезішыңдалады, - деп атап өтті Владимир Яблонский.

Ал а
рнайы медаль тапсыру чемпион үшін жағымды тосынсый болды. Бұл марапаттың спорттық жетістіктерге тікелей қатысы болмаса да, Шавқат  компанияның арнайы медалін өзінің спорттық жетістіктері үшін алған медальдарының ешқайсысынан кем көрмейтінін айтты. 
Рош

​«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығымен кездесуден кейін кәсіпорын жұмыскерлері мен олардың балалары чемпионмен жүзбе-жүз жолығып, бірге суретке түсіп, автограф алды. Әсіресе кішкентай жанкүйерлердің қуанышында шек болмады.

Шав
қат Рахмонов өзінің «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатына достық сапары туралы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. Содан кейін киімін ауыстырып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өткен соң комбинаттың жүрегі№3 домна пешіне келіп, шойын сынамасын алды. Чемпионның айтуынша, бұл үдеріс керемет таңғаларлықтай екен. Бірақ спортшы тек өзі көрген сұлулықты, ауқымдылық пен тартымдылықты ғана бағалаған жоқ. Ол металлург еңбегі ең ауыр жұмыстың бірі екенін мойындады.
Ио

- Теміртауда, осындай ірі металлургия комбинатында мен алғаш рет болып тұрмын, - деді чемпион.

- Домна пешінің қалай жұмыс істейтінін көру, металлургтермен сөйлесу өте әсерлі болды. Комбинаттағы жұмыс ауыр екен, жоғары температура, үздіксіз өндіріс. Бүгін мен шойын сынамасын алып көрдім. Бұл ауыр жұмыс болып шықты. Комбинатта, шынында да, мықты адамдар жұмыс істейді екен! 

Шавқат Рахмонов металлургтің жұмысы спортшы еңбегіне ұқсайтын ұдайы ауыр еңбек екенін атап айтты. 

Кездесу соңында чемпион «АрселорМиттал Теміртаудың» барлық жұмыскеріне бағыштап: «Қымбатты достар, сіздерге зор денсаулық және еңбекте табыс тілеймін!», деп ізгі ниетін білдірді. 
Мр