Спорт • 07 Сәуір, 2023

Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтеді

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9-14 сәуір аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен  36-шы Азия чемпионаты өтеді. Оған құрлықтың 24 елінен 300-ден астам балуан қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтеді

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова мәлім етті.

«9-14 сәуір аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында күрес түрлерінен осымен 36-шы Азия чемпионаты өтпек. Бұл жарысқа Азия құрлығының 24 мемлекетінен 300-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың арасында Олимпиада ойындарының 7 жүлдегері, Әлем чемипионаттарының 5 жеңімпазы қатысады. Сондықтан, дүбірлі дода болайын деп тұр. Негізі бұл – Азия чемпионаты, лицензиялық турнир емес. Бірақ, Азия ойындарының алдындағы, Әлем чемпионатының алдындағы негізгі жарыстардың бірі болып есептеледі», деді комитет өкілі брифинг барысында.