Саясат • 08 Сәуір, 2023

Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі үндеуіне қостанайлық мәслихатшылар үн қосты

470 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

7 сәуірде «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын қолдау және іске асыру жөніндегі бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі үндеуіне қостанайлық мәслихатшылар үн қосты

Іс-шараға жетінші және сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылып, онлайн-трансляция жүргізілді.

Сондай-ақ отырысқа Қостанай облысы әкімі Қ.Ақсақалов, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Т.Мұқашев және Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Ещанов қатысып, сөз сөйледі.

а

Күн тәртібіне Президенттің «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру мәселелері шығарылды.

Өз кезегінде осы тақырып аясында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Т.Мұқашев баяндама жасады.

«Әділетті Қазақстанның құрылысы», жергілікті халықтың өмір сүру жағдайы мен сапасын жақсарту жөніндегі жаңа міндеттемелер депутаттардың сайлаушылармен арадағы жұмысын қайта құруды талап етеді. Сонымен қатар сайлаушылар тәртібі және мәслихатшыларды кері шақырып алу институттарын енгізуді іске асырады. Тиісінше жаңа жағдайда мәслихаттардың негізгі қызметі – өз аумағында сапалы әлеуметтік инфрақұрылымды салу мен жөндеуді ұйымдастырудан көрінбек. Мысалы, алдағы уақытта елімізде көптеген әлеуметтік инфрақұрылым нысандары сайлаушылардың талабы мен жергілікті мемлекеттік бағдарламалар негізінде құрылмақ. Дегенмен бұл өзгерістердің барлығы мәслихатшылардың белсенді азаматтарды тарта отырып тұрақты мониторинг пен бақылау жасау жауапкершілігін арттырады» деп атап өтті РҚБ төрағасы.

Оның айтуынша, бұл ретте Жаңа Қазақстан мәслихатының әрбір депутаты бойында әлемдік кәсіби стандартқа сәйкес мынадай қасиеттер болуы тиіс:

Алдымен коммуникативті қабілеттерге ие болуы қажет:

- мемлекеттік және орыс тілдерін білу, титулды ұлт пен диаспоралардың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білу, сайлаушылармен байланыста үнемі ашық болу;

- барлық сайлаушылармен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен, мемлекеттік органдармен, бизнеспен, құқық қорғау органдарымен жылдам сенімді қарым-қатынас орната білу қабілеті;

- халықтың әртүрлі аудиторияларына, бұқаралық ақпарат құралдарына белгілі бір тақырыпта өз ойын еркін жеткізе білу, сұхбаттар мен баспасөз конференцияларын және т.б. беру қабілеті.

Келесі басымдық – ұйымдастырушылық қабілеттерге ие болуы керек:

- сайлаушылардың өтініштері мен азаматтардың ұсыныстарына, өз сайлау округі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы сыни материалдарға жедел және уақытылы жауап беру қабілеті;

- белгілі бір тақырып бойынша халықпен қоғамдық тыңдауларды, дөңгелек үстелдерді, комиссиялардың көшпелі отырыстарын және т.б. дайындау және өткізу қабілеті;

Ал соңғысы – сындарлы қабілеттерге ие болуы тиіс:

- облыста, қалада, тұрғындар арасында және БАҚ-та жоғары интеллектуалдық, адамгершілік беделге ие болуы керек;

- қажетті құқықтық, бюджеттік және қаржылық, психологиялық, саяси білімдер мен дағдыларға ие болуы шарт және оларды қолдана білуі тиіс;

- өзiнiң әкiмшiлiк аумағының – аудан, қала немесе облыс экономикасы мен әлеуметтiк саласын, жер, экологиялық, табиғи ресурс, көлiк, энергетика және басқа да шаруашылығын, өз аумағындағы демографиялық және ұлттық жағдайды бiлуі керек;

- депутаттық жұмыс үшін жеке кітапхананы пайдалану, кітапханаларға, конференцияларға, көрмелерге бару, ардагер-депутаттар арасынан шыққан тәлімгерлердің көмегімен, сарапшылармен және маман ғалымдармен кездесулер, аппараттық оқыту, кәсіби оқу-әдістемелік басылымдарға жазылу арқылы өзін-өзі үздіксіз кәсіптік оқыту мен дамытуды ұйымдастыру негізінде өз білімін үздіксіз жаңарту.

Одан бөлек спикерлер өңірдегі сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

а

Жиын барысында Т.Мұқашев «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ атынан белсенді депутаттық қызметі және ел мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар өңірлік мәслихат депутаттарын «Құрметті депутат» төсбелгісімен және грамотамен марапаттады.

а

Айта кетейік, отырыс қорытындысы бойынша былтыр 24 желтоқсанда Ақтөбеде қабылданған, кешегі жалпыелдік сайлау науқаны алдында Шымкент пен Түркістанда алқаланған Қазақстан Республикасы Президентінің Сайлауалды бағдарламасын қолдау және жүзеге асыру жөніндегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірлескен Үндеуі кезекті рет қолдау тапты.