Азия кубогіне баланған дәстүрлі жарыста Қазақстаннан бөлек, Грузия, Латвия, АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Грекия, Түрікменстан және Гонконгтен келген балғын балуандар бақ сынады. Алғашқы екі күнде кадеттер күш сынасты. Бұл бәсекеде еліміз құрамасы алдына жан салмады. Күміс пен қола медальдарды есептемегенде, тоғыз өреніміздің жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуі жергілікті жанкүйерлерді ерекше желпіндірді. Солардың арасынан Досбол Балғабай (81 кг), Шерхан Алпанов (+90 кг), Сәулемай Сағитжан (70 кг) және Гүлдана Теңгебаева (+70 кг) сынды жас өрендердің дара талантымен оқшауланғанын да айта кеткен абзал. Ал өзбектер бас жүлденің бесеуін олжаласа, тағы екеуі моңғолдарға бұйырды.
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдодан белгілі спорт қайраткері, меценат Бекет Махмутовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.
Мемлекет басшысы Ынтымақ ауылындағы мектепті аралап көрді
Президент • Бүгін, 18:21
Биыл Жетісу облысында 250 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген
Президент • Бүгін, 17:48
Президент «Талдықорған» индустриялық аймағына барды
Президент • Бүгін, 17:36
Елімізде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы құрылады
Қоғам • Бүгін, 17:16
ТЖМ автопаркі заманауи көліктермен толықты
Қоғам • Бүгін, 17:15
Мемлекетке тіркелген алтын қоры 522 тоннаға ұлғайды
Қоғам • Бүгін, 17:02