Елорда • 10 Сәуір, 2023

Халық игілігіндегі ЭКСПО орталығы

259 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кейінгі үш жылда «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы өзінің имидждік жобасын трансформациялап, білім беру және қаржы ұйымдарын шоғырландыра алды. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ЭКСПО аумағын қоғамдық кеңістік ретінде дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Халық  игілігіндегі ЭКСПО орталығы

Мәселен, ЭКСПО іскер­лік орталығының аумағында жалпы ауданы 530 мың шаршы метрден астам 16 ғимарат орналасқан. Олар 100 пайыз толтырылған, резиденттер саны 15 мың адамнан асады. Ал бизнес субъектілері үшін «А» санатты бизнес орталық­тар­дың әлемдік стан­дарт­­тарына сәйкес келетін Бизнес орталығы жұмыс істейді.

ЭКСПО аумағының негізгі нысандарының бірі – Конгресс орталығы. Онда концерттен бастап, жоғары деңгейдегі ресми кездесулерге дейінгі іс-шаралар өткізіледі. Биыл 50-ден астам іс-шара жос­парланған, оның ішінде қазақстандық жас және аттары шыққан орындаушылар – Dequine, Мирас Жүгінісов, сондай-ақ шетелдік эстрада жұлдыздары Лара Фабианның, Jony-дің, Евгений Чебатковтың, МакSим-нің және бас­қалар­дың концерттері бар.

2020 жылы Орталық Азиядағы бірегей ірі көр­ме алаңына айналған Ха­лықаралық көрме орта­лығы ашылды. Ол UFI дү­ниежүзілік көрме индус­триясы қауымдастығының сертификатын алған. Көрме алаңының жүктемесі жылына 310 күнді құрайды. Биыл мұнда 35-ке жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Automechanika Astana 2023, Eurasian Book Fair VI Еуразиялық халық­аралық кітап көрмесі, Ka­zakhstan Industry Week өң­деу өнеркәсібінің III Ха­лық­аралық көрмесі және т.б.

ЭКСПО аумағында жыл сайын маусым айында жазғы сахна жұмысы бас­талады. Нақ осы сахнада Ninety One тобы, Джейран, «Raim & Artur» дуэті, DJ Smash, DJ Timoffey, Ерке Есмахан, Молданазар, Қайрат Нұртас, Say Mo, Abdr., халықаралық заманауи этностық музыка фестивалі The Spirit of Eurasia, The Limba, «Формат» тобы, Айқын, Cover Fest (Батырхан Шүкеновті еске алу кеші), рок фестивалі, ORDA FM гала-концерті, Cosplay Festival, этнофестиваль және басқа эстрада әртістерінің open air концерттері өтті.

Сонымен қатар кешен аумағында елорда тұр­ғындары мен қонақ­тары­на «Line Brew», «Kakao Dak», «Harrats Pub», «Prime Golf» гольф симуляторы қызметтері ұсынылады. Жақын арада «Bronx» фитнес-клубының, «Coffee boom» кофеханасын ашу жоспарланып отыр. Келу­шілерге ыңғайлы болуы үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 3 мың автокөлікке арналған көлік жуу орны бар жерасты паркингі барлығын да атап өткен жөн.