Әлем • 10 Сәуір, 2023

Болашақтағы эко қала - Line

686 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта әлем халқының шамамен 56 пайызы қалада тұрады. Ал қалалардың дамуы мен қоғамдық әл-ауқат бүкіл әлем үшін үлкен проблемаға айналуда. Осы мәселелерді шешу мақсатында Сауд Арабиясы ұзындығы 170 шақырым болатын «Line» (сызық) деп аталатын футуристік қала салуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болашақтағы эко қала - Line

Қала жобасын жүзеге асырушы ханзада Мұхаммед бен Салман басқаратын Сауд Арабиясының әйгілі NEOM технопаркі. Мұхаммед бен Салман болашақ Line қаласының алғашқы жоспарын 2021 жылдың қаңтарында жариялаған. NEOM атауы «жаңа болашақ» дегенді білдіреді.

Сауд Арабиясындағы Line қаласының құрылысы инновациялық жетістіктерге негізделген әрі табиғатты қорғауға бағытталған. Line city шамамен 9 миллион тұрғынға арналған. 170 км-ге созылатын қала биіктігі 500 м қабырғамен қоршалады. Жобаның құны 1 трлн долларды құрайды. 

Қаланың тағы бір екрекшелігі онда автокөлік мүлде жүрмейтін болады. Тұрғындар барлық нысандарға жаяу және 20 минуттық өткелмен жүрдек пойызбен жете алады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер баратын жеріне 5 минут ішінде жете алатын модель әзірленген. 

.

Жобалаушылар NEOM жобасы когнитивті қалаларды, порттар мен кәсіпкерлік аймақтарды, зерттеу орталықтарын, спорт және ойын-сауық орталықтарын және туристік бағыттарды қамтиды дейді.

Line қаласы Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қорының, сондай-ақ жергілікті және халықаралық инвесторлардың қолдауымен 1 триллион доллар көлемінде қаржыландарылып отыр.