Thairath басылымы хабарлағандай, Қазақстаннан келген турист жағажайда өзін дөрекі ұстағаны үшін қамауға алынды. Ол адамдарға шабуыл жасап, қонақүйлер мен мейрамханалардың аумақтарына басып кірген.
Жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен жасырынбақ болған турист теңізге секіріп, судағы тастарға отырды. Ол қолын сермеп «бұл бақыт, махаббат, қуаныш және рақым!» деп айқайлаған.
Полиция туристі судан шығуға көндіре алды. Кейін ұсталған адам ішімдік ішіп, каннабис шеккенін мойындады.
Ер адам барлық шығынды өтеуге уәде берді.