Қоғам • 10 Сәуір, 2023

Сенат депутаттары «Қазақ газеттерінің» жұмысымен танысты

448 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Қазақ газеттері» ЖШС-де болып, еліміздегі бірнеше іргелі басылымды біріктіріп отырған медиа құрылымның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат депутаттары «Қазақ газеттерінің» жұмысымен танысты

«БАҚ пен әлеуметтік желілердің мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы орны» деген тақырыпта өткен басқосуға Әлеуметтік-мәденидаму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, комитет мүшелері Талғат Жүнісов, Ләззат Қалтаева, Айгүл Қапбарова, Руслан Рүстемов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов, Ақпарат комитетінің төраға орынбасары Нұрлыбек Жеңісбекұлы және «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы бастаған «Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттерінің шығармашылық ұжымы қатысты.

Ит

Сенат депутаттары әуелі «Egemen Qazaqstan»газетінің жұмысымен танысып, редакцияны аралап көрді. Басқосу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі жағдайы, БАҚ пен әлеуметтік желілердің мемлекеттік идеологияны насихаттаудағы рөлі жайлы пікірлесті.

Ил

Серіктестік басшысы Дихан Қамзабекұлы қайта құрылымдалған серіктестіктің қазіргі бағыт-бағдары, басылымдардың ахуалы жайлы әңгімеледі.

«Мысалы, шет мемлекеттерде, оның ішінде Жапония, Ұлыбритания, Германияда дәстүрлі басылымға жазылу 58 пайызды құрайды. Ал, елімізде экономикалық қиындықтарға, пандемияға байланысты басылымдарға жазылу төмендеп кетті. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне сәйкес, қазір газеттің күнделікті оқырманы 13 пайызды ғана құрап отыр. Ал сирек оқитындар - 43 пайыз, мүлде оқымайтындар - 23 пайызды құрады», деді Д.Қамзабекұлы. 
Рол

Сондай-ақ кездесу барысында журналистердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, жалақы мен қаламақы көлемін арттыру мәселесі де айтылды.

«Газет ой тастар, қоғамдық сана қалғып кетпес үшін жұмыс істейтін бірден-бір құрал. Бірақ нарыққа, жарнамаға байланысты көп мәселелер бар. Мысалы, қағаз бағасының қымбат болуы. Бұл мәселені мемлекетаралық үлкен жиындарда қарастыру қажет», деді Нұртөре Жүсіп.

Оол

э

Кездесу соңында депутаттар таяуда ақпарат құралдарының түйінді мәселелерін Парламентте талқылайтынын, оған міндетті түрде газет-журналдар қызметкерлері шақырылатынын, бүгінгі кездесуде айтылған өзекті мәселелерге назар аударылатынын айтты.

Пр

Пр