Спорт • 10 Сәуір, 2023

Жастар да топ бастады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда дзюдодан Бекет Мах­мұ­тов­ты еске алуға арналған халық­аралық тур­нир өз мәресіне жетті.

Жастар да топ бастады

Бұған дейін біз жасөспірімдердің жарысы қалай аяқталғаны жайында жазған едік. Соңғы күні жастар татамиге шықты. Бұл бәсекеде де Қазақ елінің өрендері табысты өнер көрсетті. Олар 7 алтын, 6 күміс және 14 қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте жеке-дара көш бастады. Біздің дзюдошылар арасынан Жанарыс Рахметқали (66 кило), Әділет Алмат (73 кило), Мұхаммедәли Мавлидов (90 кило), Ұлдана Үсен (57 кило), Самалай Ерғалиева (63 кило), Ажар Асхат (70 кило) және Карина Тәкиеева (+78 кило) қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Жалпы есепте екінші және үшінші орындарды Өзбекстан (5+7+7) мен Қырғызстанның (1+0+5) татами шеберлері иеленді.