Маман • 10 Сәуір, 2023

Нанобөлшекті алу жолы

450 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биомедицина медицина саласымен тікелей байланысты. Бұл бір спецификалық аспектіде ерекшеленетін мамандық. Биомедицина медицина саласындағы инновациялар мен прогреске күш береді.

Нанобөлшекті алу жолы

Сондықтан бұл – қазіргі және бо­лашақта жұмыс пен кәсіби өсу­дің маңызды мүмкіндіктерін ұсы­на­тын сала. Бірақ адамдардың өмір­ сүру сапасын жақсартатын жаңа­ тұжырымдардың ашылуы, көп­ жағдайда, жоғары білікті және да­йын­далған мамандар жүргізетін зерт­теу жұмыстарына байланыс­ты.­

Сол себепті мен 2015 жылдан­ бері наноқұрылымды темірі бар мате­риалдарды су ортасын тазар­ту және биомедицинада ката­ли­за­торлардың негізі ретінде қолдануды зерттеумен айналысамын.

Зерттеудің негізінен су ортасын органикалық бояғыштардан немесе ауыр металдардан тазарту үшін катализатор ретінде пайдаланылатын магниттік нанобөлшектерді алудың технологиялық шешімдеріне бағытталған. Оларды зиянсыз компоненттерге ыдырату немесе сіңіру жолдары қарастырылып отыр.

Қазіргі уақытта диссертациялық жұмысыма мықтап кірістім. Нақтырақ айтсам, практикалық қолдану үшін құрамында металы бар нанобөлшектердің ZnO легирлеуінің әсері туралы зерттеу жүргізу үстіндемін. Технология құрамында темірі бар нанобөлшектерді су ортасын органикалық бояғыштардан немесе олардың магниттік қасиеттерін пайдалана отырып, ауыр металдардан тазартудың мүмкіндіктерін қарастырудамын. Яғни марганец нанобөлшектердің бетіне адсорбцияланады, содан кейін бұл нанобөлшектерді кейінірек жартылай өнеркәсіптік немесе өнеркәсіптік масштабта қолдануға болатын магниттер түзіледі. Биомедицинада бұл нано­бөл­шектер магниттік гипер­тер­мия­да және МРТ-да контраст аген­ті­ ретінде қолданылады. Соны­мен­ қатар құрамында темірі бар­ нано­бөл­шектердің магниттік қасиет­тері дәрі­ні мақсатты түрде жет­кізуде де пай­даланады.

Бұған қоса тазарту саласында жоғары тиімділігі бар шпинель тәрізді құрылымы бар церий мен гадолиний қосылған темірі бар нанобөлшектерді алу әдісін ойлап тапқанымды айта кетейін. Сондай-ақ синтез жағдайларына байланысты синтезделген нанобөлшектердегі құрылымдық ерекшеліктер мен фазалық өзгерістерге іргелі зерттеулер жүргіземін. Сонымен қатар 2021 жылы еліміздің ғылыми уни­верситеттері арасында студент­тер­дің үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін I дәрежелі дипломымен марапатталымды мақтаныш санаймын.

 

Камила ЕГІЗБЕК,

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, магистрант