Осы аптада футболдан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастады. Аптаның соңына дейін созылатын жаттығу жиындарына ұлттық құраманың бас бапкері Бернд Шторк 26 футболшыны, оның ішінде “Тобыл” командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиевті шақырды.
Нұрболдан басқа неміс маманы жасақтаған құраманың қатарында “Ақтөбе” командасында ойнайтын, кезінде Мәскеудің “Спартак” пен “Динамо” командаларының қақпашысы болған Андрей Сидельников, одан басқа өзімізде өнер көрсетіп жүрген Александр Григоренко, Александр Киров, Михаил Рожков, Сергей Лисенков, Илья Воротников, Дмитрий Шомко сияқты жаңа есімдер бар.
Құрамаға толық шақырылған футболшылар тізімі төмендегідей:
Қақпашылар: Александр Мокин, (“Ордабасы”), Александр Григоренко (“Шахтер”), Андрей Сидельников (“Ақтөбе”).
Қорғаушылар: Михаил Рожков, Александр Киров ( “Локомотив”), Илья Воротников (“Атырау”), Юрий Логвиненко (“Ақтөбе”), Фархатбек Ырысметов (“Тобыл”), Дмитрий Шомко (“Ертіс”), Александр Кислицын (“Шахтер”).
Жартылай қорғаушылар: Ұлан Қонысбаев (“Тараз”), Азат Нұрғалиев (“Тобыл”), Сергей Скорых (“Шахтер”), Жамбыл Көкеев, Максим Азовский (“Локомотив”), Аслан Дарабаев, Константин Головской, Андрей Карпович (бәрі де “Ақтөбе”)
Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев, Дәуренбек Тәжімбаев, Андрей Финонченко (үшеуі де “Шахтер”), Нұрбол Жұмасқалиев (“Тобыл”), Сергей Хижниченко, Сергей Остапенко (“Локомотив”), Евгений Аверченко, Сергей Лисенков (“Ақтөбе”).
Ал Қазақстан құрамасының мамыр айының соңында жарияланған рейтингісіне келер болсақ, Бернд Шторк жаттықтыратын ұлттық құрама 2012 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аяқталған кездегі қозғалмаған сол 129-шы орнында тұр. Біздің ел УЕФА-ға мүше елдердің ішінен тек Андоррадан (120), Лихтенштейннен (149), Мальтадан (157) және Сан-Маринодан (202) ғана жоғары орналасқан.
Рейтингінің ең жоғары сатысында Бразилия орналасса, екінші Испания, үшінші орында Португалия құрамалары жайғасқан. Енді ұлттық құрамалардың келесі рейтингі 14 шілдеде, әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін үш күн өткен соң жарияланады.
Дастан КЕНЖАЛИН.