Айта кетейік Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы 1970 жылғы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін (1992 ж.) Механика мамандығы бойынша бітірген.
Сонымен қатар Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (2013 ж.), экономика магистрі. Назарбаев Университеті, Жоғары бизнес мектебі (2015 ж.), Басқарушы кадрлар үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі. Стэнфорд Университеті, Жоғары бизнес мектебі (2016 ж.), Басқарушы кадрлар бағдарламасын оқыған.
2023 жылдың 4 сәуірінен бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Энергетика министрі болып тағайындалды.