Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің бірінен әйел мен кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылды. Ал оның 13 жастағы қызы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне ауыр жарақаттармен жатқызылды.
ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментін үйлестіруімен тергеушілер мен жедел қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде және бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасағаны анықталып, қамауға алынды.
Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Тергеу жалғасып жатыр.