Қоғам • 11 Сәуір, 2023

«Жарты жыл уақыт беріңіз»: Жаңа министр қазақ тілін үйренуге уәде берді

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналистер Үкімет отырысынан кейін Алмасадам Сәтқалиевтен қойған сұрақтардың бәріне неліктен тек орыс тілінде жауап беретінін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жарты жыл уақыт беріңіз»: Жаңа министр қазақ тілін үйренуге уәде берді

Министр ана тілінде ойын толық жеткізе алмайтынын және жарты жыл ішінде деңгейін көтеретінін айтты.

«Әрине, мен ана тілімді білемін. Бірақ деңгейімді әлі де көтеру керек. Маған жарты жыл беріңіз. Сіздердің  сұрақтарыңызға қазақша жауап беретін боламын. Ал қазір жауаптарым түсінікті әрі сапалы болу үшін орысша жауап беріп тұрмын», деді министр.