Президент • 11 Сәуір, 2023

Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасын қабылдады

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысына шағын және орта бизнесті дамыту тәсілдерін жетілдіру, отандық кәсіпкерліктің мәселелерін шешу жөніндегі Палатаның қызметі туралы мәлімет берілді.

Кездесу барысында еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды. Райымбек Баталов шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеудің маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бағдарламада отандық инвестицияны ынталандыру үшін орта бизнесті дамытуға баса мән берілуі қажет.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық шешімдер қабылдау барысында бизнестің ұстанымын ескеру маңызды екенін айтты.