Қоғам • 11 Сәуір, 2023

Қайраткер тағылымы

343 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық музейде мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жыл­дық мерейтойына орай «Т.Жүр­­ге­нов және қазақ ру­ха­ния­ты» тақырыбында дөң­гелек үстел өтіп, жур­на­лист­ Майя Бекбаеваның «Т.Жүр­геновтің өмірі мен қыз­меті» деректі фильмінің тұсауы кесілді.

Қайраткер тағылымы

Салтанатты жиынды Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева кіріспе сөзбен ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында ғалым Бауыржан Иманғалиев «Нар­ком Т.Жүргеновтің әдеби-пуб­лицистикалық мұрасы» атты баяндамасында: «Темірбек Жүр­генов – ойы ұшқыр, қа­ламы қарымды публицист. Оның жазушылық қызметін қайраткерлік қызметінен, қалам сапасын қайраткерлік сапасынан бөліп алып қарауға келмейді» деп қайраткердің қоғамдық-әлеуметтік қызметі біршама зерттелсе де, оның қаламгерлік қарымы назардан тыс қалып қоймауын баса айтты.

Ал С.Сейфуллин музейінің директоры, профессор Марат Әбсәмет пен ардагер-ұстаз Сәбит Иманғалиев Т.Жүргеновтің жары, Қазақ КСР-нің еңбек сіңір­ген дәрігері Дәмеш Ермеко­ва­ның өнегелі өмірімен таныс­тырып, естеліктерімен бөлісті.

Т.Жүргенов атындағы қо­ғам­дық қордың төрағасы Сәби Аңсат аштықтан тұрала­ған халықтың рухын оятуда тұлғаның еңбегі зор екен­ді­гін айтты. «1936 жылы Мәс­кеуде өткен мәдениет декадасында қазақ ұлтының рухы биік, өнері мен әдебиетінің ешбір елден кем еместігін дәлел­дей білуі Жүргеновтің қай­сар­ қайраткерлігі мен орасан зор іскерлігі, айрықша ұйым­дас­тырушылық қабілетінің ар­қасында мүмкін болғанын ұмыт­пауымыз керек», деді ол.

Аталған конференция журналист Майя Бекбаеваның бас­тамасымен түсірілген «Т.Жүр­геновтің өмірі мен қызметі» туралы деректі фильмнің көрсе­тілі­мімен жалғасты.

Күйші Жанғали Жүзбай қайраткердің қазақ музыкасына сіңірген еңбегіне тоқталып, елімізде алғашқы музыка теа­трын ұйымдастыруға қосқан үлкен үлесін атап өтті.

Іс-шара соңында жүрге­нов­танушы ғалымдар мен бел­гілі қоғам қайраткерлері пікір алмасып, конференцияны қоры­тындылады.