Спорт • 11 Сәуір, 2023

Ацтектер елінде айқасады

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың кәсіпқой боксшылары Әбіл­хан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұр­­мағанбет (8-0, 6 КО) өздерінің ке­лесі жекпе-жектерін 6 мамырда Мек­­си­ка­ның Гвадалахара қаласында өткі­зеді.

Ацтектер елінде айқасады

Жерлестеріміздің екеуі де кезінде әуес­қойлар рингінде елеулі табыстарға қол жет­кізгенін жанкүйерлер жақсы біледі. Мәселен, Әбілхан әлем чемпионаты мен Азия ойындарында күміс медаль иеленіп, Олимпиа­да ойындарында бақ сынады. Бектің Азия чемпионы деген атағы бар. Кейіннен олар кәсіпқойлар арасында күш сынасуды құп көрді. Ацтектер елінде Аманқұл жергілікті боксшы Хесус Моройока Паломареспен (7-2-1, 4 КО) айқасса, Нұрмағанбет венесуэ­лалық Аргенис Эспанамен (15-1, 14 КО) жұды­рықтасады. Бұлар – сегіз раундтық бәсекелер.

Ал Гвадалахарадағы бокс кешіндегі бас­­ты жекпе-жек Мексиканың марқасқасы Сауль Альварес (58-2-2, 39 КО) пен Ұлы­британияның оғыланы Джон Райдер (32-5, 18 КО) арасында өтеді.