Қоғам • 12 Сәуір, 2023

2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру көлемі 240 миллиард теңгеге ұлғаяды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының отандық ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру көлемі 240 миллиард теңгеге ұлғаяды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов отандық ғылымды дамыту мақсатында атқарылған істер мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

  • 2020 жылы ғылымды қаржыландыруға 89 миллиард теңге бөлінсе, биыл оның көлемі 160 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. 2025 жылға қарай қаржыландыру көлемін 240 миллиард теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. 
  • Ғалымдардың жалақысы былтыр екі есе өсті. Биыл 20 пайызға көбейді, алдағы жылдары – тағы 20 пайызға артады. 
  • Гранттар конкурсының қорытындысына қарамастан, базалық қаржыландыру аясында 700 ғалым жалақымен қамтамасыз етілді. 
  • Іргелі ғылымға қаражат гранттар конкурстан тыс бөлінеді. 
  • Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің объективтілігі арта түсті, апелляциялық комиссия құрылды. 
  • Қазақстанның ғалымдары жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Жас ғалымдарға 1000 грантқа дейін бөлінеді. 
  • 2020 жылы 40 жасқа дейінгі жас ғалымдардың үлесі 38 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 46 пайызға жетті. 
  • Жобаларды коммерцияландыру үлесі 27 пайызға артты. 
  • Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі жоғарылады. 
  • 2029 жылға дейін ғалымдардың санын 1,5 есе арттыру жоспарланып отыр.