Футбол • 12 Сәуір, 2023

«Ұлытау» додаға қосылды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы көп нәрсені жаңадан бастап жатыр. Соның бірі – футбол спортын жолға қойып, дамыту. Былтыр облыс әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығының арасында меморандум жасалып, облыстық футбол қауымдастығын құру, кәсіби футбол клубы мен балалар-жасөспірімдер академиясын ашу көзделген еді.

«Ұлытау» додаға қосылды

Өңірде құрылған футбол қауым­дас­тығының төрағасы болып «Қа­зақ­мыс Барлау» ЖШС бас директо­ры Ғалым Нұржанов сайланды. «Ұлытау» фут­бол командасы жасақ­талды. Коман­даның бас директоры – бұрын футболдан еліміздің құра­ма командасына басшылық жасаған Талғат Байсуфинов.

Кезіндегі Жезқазған облысының «Ең­бек» командасының ізбасары іспетті «Ұлы­тау» командасы биыл ал­ғаш рет жасыл алаңға шығады.

Жез­қазғандағы Орталық ста­дион­да Тал­ды­қорғанда жалауын көтеретін ел чем­­пионатының 2-лига командалары ара­сын­дағы ойынға команданы аттандыру сал­­танаты болды. Сал­­танатқа облыс әкімі Берік Әбді­ғалиұлы қатысты. Ол футбол­шы­ларға сәттілік, жеңіс тіледі. Коман­даның капитаны Д.Сламбеков жан­күйерлер үмітін ақтауға күш-жі­гер­лерін жұмсай­тындарына сендірді.

 

Абдолла ДАСТАНОВ,

журналист

 

Жезқазған