Осы аптаның басында америкалық спортшының жарақат алғаны белгілі болды. Содан UFC-дің басшылары оны дереу Рафаэль Эстеваммен алмастырды. 26 жастағы Бразилияның файтері осы спорт түрімен 2015 жылдан бері шұғылданады. Сол аралықта 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Сол бәсекелердің жетеуінде айқын басымдық танытты. Бұл – Эстевамның әлемдегі ең белді промоушеніндегі тұсаукесер кездесуі.
Ал Жалғастың жүріп өткен жолы қазақ жанкүйерлерінің көз алдында. 34 жастағы қандасымыз октагонға 22 рет шығып, 14 рет жеңіске жетті, сегіз қарсыласын есінен тандырды.