Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадор сыртқы істер министрі Рикардо Армандо Патиньо Ароканы қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев Эквадордың сыртқы саясат ведомствосы басшысының сапары екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті. Ол Қазақстан Парламентінің Эквадор Ұлттық Жиналысымен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықыласты екенін атап өтіп, эквадорлық парламентшілерді Астанаға келуге шақырды.
Қазақстан Сенатының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуына орай біздің еліміздің кандидатурасын Эквадордың қолдайтынына сенім білдірді, сондай-ақ, эквадорлық компанияларды халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.